Оқу барысында Сіз заманауи цифрлық білім беру технологияларымен, оларды оқу процесінде қолдану принциптерімен танысасыз және оқытуды цифрландыру ортасында сабақтарды жобалау мен тиімді оқу ортасын құру үшін ойлау дизайны дағдыларын қалыптастырасыз.
Сіз видео-педагогиканың практикалық құралдарын игеріп, Canva, Pictochart, Jamboard, Google forms, Flippity, Coggle IT, ActivStudio, Dropbox, Kundelik сияқты ресурстарды, қосымшаларды, қызметтерді үйренесіз. Курстың платформасында біз Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) кейбір элементтерін пайдалану бойынша нұсқаулықтарды орналастырдық. Курс Сіздің шығармашылық әлеуетіңізді арттыруға көмектесетін Microsoft корпорациясының пайдалы ресурстарымен таныстырады.
Сертификат білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өтуге жарамсыз.
Егер Сіз - мектепте мұғалім, колледж оқытушысы немесе педагогикалық кадрларды дайындайтын жоғарғы оқу орыны немесе колледж студенті болсаңыз, бұл курс Сізге арналған!
ДҮЙ - ЖҰМ 09:00 – 19:00 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша)